Семейде «Жастықтың оты жалындап» атты мерейтойлық гала-концерт өтіп жатыр
Хакімнің 180 жылдығына орай Алаш астанасы Семейде Ұлттық арнаның көшпелі студиясы жасақталған. Студия ел үшін маңызды іс-шараның ортасынан бүгін үшінші күн қатарынан ақпарат таратып жатыр.
Абай мерейтойының онкүндігіне байланысты шаралар әлі де жалғасып жатыр. Бүгін жетінші күнді «Жастықтың оты жалындап» атты гала концерт түйіндеді.
Ержан Жақып, тілші:
«Жастықтың оты жалындап» деген атпен өтіп жатқан гала-концертке жиналған халық өте көп. Өздеріңіз көріп тұрғандай ине шаншар орын жоқ. Бүгін ақын мерейтойына орай өткен түрлі спорттық-мәдени шаралардың қорытындысы ретінде қала тұрғындары мен той қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, отандық эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалау үшін осындай ауқымды концертті ұйымдастырушылар ұсынып отыр.Сахнадан жастардың арасында өте танымал талантты әншілер өнер көрсетіп жатыр. Семейлік Ермек Меденов, Raim, Қуандық Рахым. Iligai тобы, MC Tanat пен DJ Akhmetoff сынды жас орындаушылар бүгін сахнада. Шара бір сағат бұрын басталған. Концерт қалалықтар мен қонақтар үшін тегін. Абайдың тойы – тұтас қазақтың тойы. Хакім мерейтойы ертеңнен бастап ойшылдың туған топырағы Абай ауданында жалғасын табады. Біз тікелей эфирде 10-тамызға дейін болатын барлық шаралардан ақпарат таратуға дайынбыз.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылды
26.09.2025, 17:33

«Balapan» – 15 жылдыққа 15 игі іс
26.09.2025, 17:30
Маңғыстауда спортшыларға арналған оқу орны салынуда
26.09.2025, 17:27
Масылдық – қоғамдық дамуды тежейді
26.09.2025, 17:24
Жұмысшы мамандар – өндірістің қозғаушы күші
26.09.2025, 17:18
Түркі тілдес елдер жұмысшыларының чемпионаты өтеді
26.09.2025, 17:15
Талдықорғанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
26.09.2025, 17:12
Өндірісте жарақат алу азайды
26.09.2025, 17:09