Ақтауда тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
4-10 қазан аралығында түркі әлемінің мәдени астанасы Ақтау қаласында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді. Бұл жай ғана жарыс емес бұл түркі тілдес елдер жастарын біріктіретін білім мен дағдыны тоғыстыратын сайыс. Оған Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түрікменстан мен Мажарстаннан 16 мен 22 жас аралығындағы 70-тен астам маман қатыспақ. Сондай-ақ 90 сарапшы 10 кәсіби бағыт бойынша бақ сынайды.
Айта кету керек, бұл «Жұмысшы мамандықтар жылында» Қазақстан тарапынан
көтерілген бастама.
Санжар Татибеков, Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» коммерциялық емес АҚ
президенті:
Басты мақсат - түркі тілдес елдермен біріге отырып, экономикамызға қажетті кадрлар даярлауда бауырластықтарды көрсетіп, дағды мен машықты экономикамызды көтеретін бір үлкен күшке айналдыру. Бұл енді құрылыс және құрылыс технологиялары, өндірістік және инженерлік, ақпараттық технологиялар, сонымен қатар қызмет көрсету саласында осы төрт бағытта 10 құзіреттілік бойынша чемпионат өткізіледі.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Софья Самоделкина жарақат алды
26.09.2025, 17:39

Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады
26.09.2025, 17:38
Әлем чемпионатының ресми тұмарлары таныстырылды
26.09.2025, 17:37
«Қайрат» VS «Реал Мадрид»: Жанкүйерлер аймағы болмайды
26.09.2025, 17:36
Шымкентте дәстүрлі «Таза бейсенбі» шарасы өтті
26.09.2025, 17:35
Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылды
26.09.2025, 17:33
15 жылдыққа 15 игі іс: «Balapan» телеарнасы телемарафон ұйымдастырды
26.09.2025, 17:30
Маңғыстауда спортшыларға арналған оқу орны салынуда
26.09.2025, 17:27