Басты Жаңалықтар Талдықорғанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Талдықорғанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Талдықорғанда Еңбек күніне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараға өңірдегі мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындардан 30-ға жуық жұмыс беруші қатысты. Олар 150-ден астам тұрақты және уақытша жұмыс орындарын ұсынды. Сонымен қатар қатысушыларға мемлекеттік қолдау құралдары, қысқамерзімді оқыту курстары мен кәсіпкерлікке арналған гранттар да таныстырылды.

Ернат Бәзіл, Талдықорған қаласының әкімі:

Жылдың басынан бастап өткізіп келе жатырмыз. Мынау төртінші жәрмеңке, ұмытпасам. Биыл жылдың аяғына дейін тағы 3-4 жәрмеңке өткіземіз деп жоспарлап отырмыз.

Шырын Әшімқызы, Талдықорған тұрғыны:

Осы жәрмеңкеге мен өзіме керек мамандықты іздеп келдім. Жұмыс іздеп, яғни. Өзімді жалақым қанағаттандыратындай, жұмысым өзіме ұнайтындай. Жәрмеңке соған көмектеседі деп ойлаймын.


Бөлісу