АПВ: Вакциналау контингенті кеңейтіледі
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге менингококк инфекциясына қарсы вакцина салынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Себебі, бұл контингент инфекциялық аурумен сырқаттану бойынша жоғары қауіп тобына жатады. Сондай-ақ жүкті әйелдер эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ерікті негізде көкжөтелге қарсы егілмек. Адам папилломасы вирусына қарсы вакциналау контингенті де кеңейтіледі. Бүгінде 11-13 жас аралығындағы 150 мыңға жуық қыз балаға алғаш рет АПВ-ға қарсы екпе салынды. 90 мыңға жуық жасөспірім екпенің екінші дозасын алды. Былтырғы қыркүйектен бастап 238,2 мың профилактикалық екпе жасалған. Енді 11 жастағы ұл балалар да егілмек.
Дархан Рақымжан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада жұмысшы мамандарға мемлекеттік наградалар табысталды
27.09.2025, 17:14

Халық пікірі: Масыл болма, маман бол
27.09.2025, 17:10
Спортшылар мен жаттықтырушылар «Құрмет» орденімен, ерен еңбегі үшін медалімен және Президенттің алғысымен марапатталды
26.09.2025, 20:58
Елімізде 28 мың адамнан қатерлі ісік анықталған
26.09.2025, 20:29
Қазақстан мен Қытайдың талдау орталықтарының II форумы өтті
26.09.2025, 20:22
Орталық Азиядағы көшбасшы әйелдердің форумы басталды
26.09.2025, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
26.09.2025, 20:11
Онкоскринингтік зерттеулер ақысыз болады
26.09.2025, 20:10