«Талдықорған-Үшарал» магистральді газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталды. Енді тамыздың соңында Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізеді. Қазір 6 автоматты газ тарату станциясының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
«Талдықорған-Үшарал» газ магистралінің ұзындығы 302 шақырымнан асады. Қапал, Жансүгіров, Сарқан, Қойлық, Қабанбай, Үшарал елді мекендерінде газ тарату станциялары орналасқан. Мамандар барлығын арнайы сынақтан сәтті өткізген.
Руслан Сүйіндіков, «Intergaz Center Asia» АҚ Алматы МГҚБ директоры:
Магистральді газ құбыры жақын арада толық сынақтан өтті. Нәтижесі барлығы оң шықты. Сондықтан біздің жоспарымыз бойынша тамыз айының соңында толық 6 автоматтандырылған газ тарату станциясының жұмыстарын бітіріп, магистральді желісін толық дайындықпен газ беруге жоспарлап отырмыз.
Газ тарту жұмыстарына 126 арнайы техника мен 288 маман жұмылдырылған. Мерзімнен бұрын бітіреміз, - дейді мамандар. Жоба іске қосылғанда 134 мың тұрғыны бар Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 84 елді мекені табиғи газбен қамтылады.
Айдос Бекетаев, Жетісу облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
2022 жылы 5 елді мекен газдандырылды. 27 пайыз. Бүгінгі таңда 58,2 пайыз құрайды. Халық саны 400 мың адамдай. 84 елді мекен. Тапсырма бойынша екінші кезеңде 2025 жылдың соңына дейін 126-ға жеткізу көзделген. Газдандыратын боламыз.
Жетісу облысының әкімдігі Ақсу, Сарқан және Алакөл ауданының тұрғындарына көгілдір отынға қосылу үшін жеңілдік жасаған. Қаржыны бөліп төлей алады. «Талдықорған-Үшарал» магистральді газ құбыры іске қосылғаннан кейін, облыс бойынша газдандыру деңгейі 71,4 пайызға жетеді.
Дамир Нұрмұхамед
