Басты Жаңалықтар Елімізде еріктілер қызметі дамып келеді

Елімізде еріктілер қызметі дамып келеді

Қазақстанның бастамасымен 2026 жыл халықаралық еріктілер жылы деп жарияланды. Соған орай еліміздің екі азаматы Түркия мен Тайландтағы аймақтық хатшылыққа жұмыс істеуге жіберілді. Биылғы жылдың алты айында 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлік қызметті дамытудың жол картасы аясында Ұлттық фронт-офис барлық аймақтармен бірігіп 27 мың іс-шара өткізді. Оған 67 мың ерікті қатысқан. 1-наурыздан бастап «Игі істер марафоны» жалпыұлттық акциясы қайта жалғасып 1600-ден аса қайырымдылық іс атқарылды. Елімізде қайырымдылықпен айналысушылар саны жыл сайын артып келеді. Еріктілер ұйымы көбейюде. Мәселен, заңгер, қорғаушы, нотариус және заңгерлік факультет студенттерінен құралған 3,5 мың ерікті биылғы жартыжылдықта 9 мың отандастарымызға құқықтық сауаттылық бойынша кеңес берген. Аймақтарда сандық технологияны, тіл үйрету, қаржылық білімді көтеруге көмектесетін еріктілер жасағы құрылуда.

Болат Аманбай


Бөлісу