Елімізде салық міндеттемелері мен төлемдер жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде салық міндеттемелері мен төлемдер жеңілдейді

23.07.2025

Елімізде арнаулы салық режимдері оңтайландырылды. Жаңа заң 2026 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Атап айтқанда, оңтайландырылған салық режимдері үш жағдайда қолданылады. Бірінші оңайлатылған декларация негізінде, шаруа қожалықтары үшін және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін. Соңғысына жататын тұлғалар жеке табыс салығын мүлдем төлемейді.

Мейіргүл Мажимова, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:

Бұл - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арналған арнаулы салық режимінің ерекшелігі. Ешқандай салық салынбайды, тек кірістің 4 пайызы мөлшерінде бірыңғай мөлшерлеме қолданылады. Яғни, ұсталып қалатын сома тек өзіне қатысты әлеуметтік төлемдерге жұмсалады.

Бұл 4 пайыз кірісі жылына 15 млн теңгеден аспайтын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың өздеріне, яғни міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті медициналық сақтандыру және басқа әлеуметтік аударымдар үшін алынады. Ал шаруа қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы қысқартылды. Бірақ жер учаскесі шекті көлемнен аспауы керек. Мәселен, Павлодар облысында 3500 гектар деп белгіленді. Артық болған жағдайда салықты жалпыға бірдей тәртіп бойынша төлейді.

Болат Аманбай

Хабарламаларға жазылу