С. Абабакиров жартылай финалға жолдама алды
Универсиадада таеквондошылар ерлеп жатыр. Бүгін 3 отандасымыз жарыс жолына шығып, оның біреуі ғана жартылай финалға жолдама алды. Яғни, бір медаль бар деген сөз. 63 келіге дейінгі салмақта Самирхон Абабакиров жартылай финалға жолдама алды. Жерлесіміз алдымен израильдік спортшыны жеңіп, артынша Сауд Арабиясы өкілінен басым түсті. Ширек финалда Канада өкілін айқын басымдықпен жеңді. Енді финалдың жолдамасы үшін Тунис спортшысымен жекпе-жекке шығады. Әйелдерден 73 келідегі Назым Махмұтова ширек финалда түрік қызынан жеңілді. Сондай-ақ, 53 келідегі Айдана Сүндетбай кореялық спортшыға жол берді. Бұдан бөлек, семсерлесуден қыздар құрамасы алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды. 45:24 есебімен Италия құрамасына жол берді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары қалай өтті?
07.09.2025, 20:38

Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
07.09.2025, 20:34
Мектеп асханасына қандай стандарт енгізілді?
07.09.2025, 20:19
Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды
07.09.2025, 20:13
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19