Индонезияда жолаушылар паромы өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Индонезияда жолаушылар паромы өртенді

Индонезияда жолаушылар паромы өртенді

Индонезияда 600-дей жолаушы мінген паромда өрт тұтанды. Үш адам қаза тапқан. 568 адам құтқарылды. Өртенген су көлігі Солтүстік Сулавеси провинциясының астанасы Манадоға бармақ болған. Жалын 1 сағаттың ішінде сөндірілді. Қазір құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оған жергілікті балықшылар қосылған. Кемеде өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз.

Арай Төлегенқызы


Бөлісу