Белгияда мыңдаған көлік экспортқа шыға алмай портта қалған
Бельгиядағы Антверпен-Брюгге порты үлкен көлік тұрағына айналған. Мұнда мыңдаған жеңіл көлік, фургон, жүк көлігі мен трактор АҚШ-қа экспортталмай тұр. Бұған Дональд Трамптың Еуроодаққа енгізген 25 пайыздық баж салығы себепші. Биылдың бірінші жартысында АҚШ-қа көлік тасымалдау былтырға қарағанда 15,9 пайызға азайған. Трамп Ақ үйге келмес бұрын еуропалық экспорттаушылар 2,5 пайыз көлемінде кедендік салық төлейтін еді. Алайда сәуірден бастап оларға қосымша 25 пайыз тариф енгізілді. Трамптың тарифтерінен бөлек көлік экспортының төмендеуіне геосаяси мәселелер және жаһандық сұраныстың азаюы да әсер етті.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде
08.09.2025, 18:03

Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті
08.09.2025, 18:01
Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді
08.09.2025, 17:58
Атырау мұнай өңдеу зауытына 80 жыл
08.09.2025, 17:55
БҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасына 17 мыңдай адам қатысқан
08.09.2025, 17:49
Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін
08.09.2025, 17:42
Қытайда «Тапа» дауылы соқты
08.09.2025, 17:39
Израильде автобус аялдамасында атыс болды
08.09.2025, 17:37