Ұлыбританияда үкімет 16 жастан бастап сайлауға қатысуға рұқсат етпекші
Ұлыбритания үкіметі 16-17 жастағы азаматтарға сайлауда дауыс беру құқығын беру туралы шешім қабылдады. Бұған дейін сайлаушылар дауыс беруге 18 жастан бастап қатысатын еді. Министрлер бұл қадам демократияны модернизациялауға және белсенділікті жоғарылатуға бағытталған деп мәлімдеді. Сайлау жүйесінің реформасы жүзеге асуы үшін парламенттің құптауы қажет. Дауыс беру жасын төмендету лейбористер партиясының сайлау алдында берген уәделерінің бірі болатын. Ресми мәліметтерге сай, Ұлыбританияда 16-17 жастағы 1,6 млн жасөспірім бар. Ал соңғы сайлауда 48 млн-нан астам адам дауыс берген. Бұл - 2001 жылдан бергі ең төменгі деңгей. Келесі парламент сайлауы 2029 жылы өтеді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде
08.09.2025, 18:03

Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті
08.09.2025, 18:01
Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді
08.09.2025, 17:58
Атырау мұнай өңдеу зауытына 80 жыл
08.09.2025, 17:55
БҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасына 17 мыңдай адам қатысқан
08.09.2025, 17:49
Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін
08.09.2025, 17:42
Қытайда «Тапа» дауылы соқты
08.09.2025, 17:39
Израильде автобус аялдамасында атыс болды
08.09.2025, 17:37