Астанада Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай сала мамандарына марапаттар табысталды
Астанада Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай сала мамандарына марапаттар табысталды. Шараға Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қатысып, қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Биыл Қазақстан бойынша 442 су саласы маманы түрлі марапат алды. Олардың ішінде 55 адам мемлекеттік наградаға, 97 маман “Су шаруашылығының үздігі” төсбелгісіне, 24 қызметкер “Су шаруашылығының ардагері” төсбелгісіне ие болды. Сондай-ақ, 177 маман Құрмет грамотасымен, 89 маман Алғыс хатпен марапатталды.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
Алға қойған мақсаттарымызға және белгіленген индикаторларға сіздердің арқаларыңызда жетіп отырмыз. Сіздерге жұмыста тек қана табыс тілеймін. Алдымызда әлі үлкен ауқымды жұмыстар тұр. Елімізге, шаруа қожалықтарына, өнеркәсіп мекемелеріне сапалы қызмет көрсетейік.
Елдос Есенбол
Автор
Елдос Есенбол
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Шетелдік сарапшылар: Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47