Ағын суды үнемдеу қажет. Себебі, елдегі су көздері мен көршілес елдерден келетін судың көлемі жылдан-жылға азайып кеткен. Түркістан облысына арнайы барған Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, вегетациялық маусымның өту барысын бақылап, шаруаларға су үнемдеу технологияларын енгізу жолдарын түсіндірді. Республикадағы суармалы жердің төрттен бірі, яғни, 552 мың гектары Түркістан облысының үлесінде. Бүгінде өңірде су нысандарының инфрақұрылымын дамыту – өзекті мәселе. Облыста биыл 46 мың гектар жерге су үнемдеу технологиясы енгізілген. «Ислам даму банкінің» қаржысын тарту арқылы биыл облыс аумағында бірқатар нысан бастан-аяқ жөнделеді.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
Қазақстан бойынша соңғы 50 жылдың ішінде пайда болып жатқан, қалыптасқан судың көлемі 12,5 млрд текше метрге қысқарған. Оның ішінде 72 пайызы өзіміздің Қазақстан территориясында, 28 пайызы көршілес мемлекеттерден келетін. Сондықтан, біз ең бірінші осы ауылшаруашылығы саласындағы суды үнемдеу мәселесін қолға алуымыз керек.
Айнұр Әбілқасымқызы
