Енді әскердегілерге несие алуға тыйым салынуы мүмкін
Енді әскердегілерге, әскери қызметтегілерге банктер мен микрокаржылық ұйымдардан несие алуға тыйым салынуы мүмкін. Егер қаржы ұйымы оның Отан алдындағы борышын өтеп жүргенін біле тұра несие рәсімдесе, борышкер қайтармауға құқылы. Мұндай ереже Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жаңа қаулысында бекітілген. Жобаға сәйкес, Қорғаныс министрлігі несиелік бюроларға мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан азаматтар туралы мәлімет береді. Қызметі аяқталғаннан кейін тізімнен өшіріледі. Бүгінде әскерге 40 мың адам шақырылған. Оның ішінде 22 мың сарбаздың бұрын алған несиесі бар.
Бэлла Чиканова, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департаментінің бөлім басшысы:
Егер банк несие беріп қоятын болса, онда ол несиені есептен шығару қажет. Сондай-ақ, кредиттік тарихын да түзетіп, тазалатып қоюы қажет. Әскери қызмет атқарып жүрген азаматтардың алдында алған кредиті бар болса, солар бойынша каникул беріледі. Барлық 12 айға. Қаржылық жағдайын реттеп алғанша тағы 2 ай беріледі оған, борышын ақтағаннан кейін.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде
08.09.2025, 18:03

Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті
08.09.2025, 18:01
Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді
08.09.2025, 17:58
Атырау мұнай өңдеу зауытына 80 жыл
08.09.2025, 17:55
БҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасына 17 мыңдай адам қатысқан
08.09.2025, 17:49
Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін
08.09.2025, 17:42
Қытайда «Тапа» дауылы соқты
08.09.2025, 17:39
Израильде автобус аялдамасында атыс болды
08.09.2025, 17:37