Басты Жаңалықтар Ресей мен Қазақстан шекарасындағы өткізу бекеті ішінара жөндеуге жабылады

Ресей мен Қазақстан шекарасындағы өткізу бекеті ішінара жөндеуге жабылады

Батыс Қазақстан облысында Ресей мен Қазақстан шекарасындағы «Сырым» өткізу бекеті ішінара жөндеуге жабылады. Қайта жаңғырту шілденің 10-да басталады. Жүк көліктеріне шектеу жоқ. Тек жеңіл көліктерге жүруге тыйым салынады. Жолаушылар автобусы да өзге өткізу бекетінен өтуге мәжбүр болады. Жоба құны – 22 млрд теңге. Қазір жөндеуге 9,9 млрд теңгесі бөлінген. «Сырым» бекеті арқылы тәулігіне 1200 көлік өтеді. Қазір бекетте 6 жолақ болса, жаңғыртудан соң жолақ саны 14-ке дейін ұлғаймақ.

Мирлан Насипов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:

Мердігер анықталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 10 шілдеде басталады. Жобаның мерзімі - 16 ай. Заманауи инспекциялық-тексеру кешендері орнатылады. Әкімшілік ғимараттар салынады.

Саламат Кенжеғұлов ҚР ҰҚК Шекара қызметі облыстық Шекаралық бақылау басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы:

Жүк көліктері «Сырым» шекаралық бақылау бөлімшесінде қалады. Ал жеңіл көліктер үш бөлімшеге жіберіледі. «Шаған» шекаралық бақылау бекеті арқылы Қазақстан мен Ресей азаматтарына арналған. Тасқала және Ақсай – халықаралық бекеттер.

Ардақ Мұратқызы 

Бөлісу