Астанада мектеп директоры мен есепші 900 млн теңгеден астам ақша жымқырған
Елордадағы №81 Astana English School халықаралық мектебінің бұрынғы директоры мен бас есепшісі 900 млн теңгеден астам ақша жымқырған деген күдікпен ұсталды. Мұны Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады. Қомақты қаржы балаларды дайындық сыныптарына және жазғы лагерьге жіберу үшін ата-аналардан жиналған. Дегенмен қаражат мекеме шоттарына түспей, қолды болған. Күдіктілер қылмыстық жолмен қол жеткізген ақшаға құны 382 млн теңге болатын коттедж, Астанадан екі пәтер және автокөлік сатып алған. Тағы 16 млн теңгені жалған қызметкерлер атына аударған. Агенттіктің мәліметінше, сот санкциясымен күдіктілердің мүлкі бұғатталып, қамауға алынды.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде
08.09.2025, 18:03

Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті
08.09.2025, 18:01
Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді
08.09.2025, 17:58
Атырау мұнай өңдеу зауытына 80 жыл
08.09.2025, 17:55
БҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасына 17 мыңдай адам қатысқан
08.09.2025, 17:49
Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін
08.09.2025, 17:42
Қытайда «Тапа» дауылы соқты
08.09.2025, 17:39
Израильде автобус аялдамасында атыс болды
08.09.2025, 17:37