Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласының қызметкерлерін марапаттады, аптада ақпарат құралдары мамандарының кәсіби мерекесі болғанын білесіздер.
Жаһанда қауіпсіздік жүйесі түбегейлі өзгеріп жатыр. Әлемдік аренада күрделі, бізге беймәлім, терең түсінуді қажет ететін үдерістер басталды. Күштінің құқы дәріптеле бастады.
Екінші жағынан, ғаламдық цифрлық трансформациядан әлем жаңа дәуірге қадам басты. Жасанды интеллект технологиялары мемлекеттің табысты дамуының басты факторына айналады. Алдағы іргелі өзгерістердің ауқымын білген жөн,- деді ол.
Осы жиында Сауық Жақанова, Жарылқап Бейсенбайұлы, Шархан Қазығұл марапатталды. Сауық апайдың фотосуретке түсуді ұмытқан аңғалдығы ресми шараның шуақты сәті болды.
Айтпақшы, ақпарат құралдарының қызметкерлеріне Астанадан биыл да пәтер берілді.
Жайна Сламбек
