Цифрлық әскери комиссариат 4 өңірде іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цифрлық әскери комиссариат 4 өңірде іске қосылды

27.06.2025

Қорғаныс саласындағы ең сәтті жүзеге асып жатқан цифрлық жоба – әскерге есепке алу мен шақырудың онлайн ұйымдастырылуы. Бұл қызмет eGov.kz порталы арқылы жүзеге асады. Тіпті, шақыру кезеңі де, жеңілдіктер мен босатулар туралы ақпарат та электронды түрде беріледі. Бұл бастама қағазбастылықты азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алады. Жаңа жүйе әзірге 4 аймақта яғни Астана, Шымкент қалалары мен Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында іске қосылды. Ал қалған 7 өңірде әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады. Айта кету керек, цифрлық әскери комиссариат Қорғаныс министрлігінен бөлек, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Іскі істер ведомстволарымен және прокуратурамен интеграцияланған. Яғни жас баланың сотталған, сотталмағаны, білім деңгейі, қайда жерде есепте тұрғаны сынды барлық дерегі сол жүйеде анық көрсетілген.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу