Өзбекстандық блогерлер салық төлеуге міндеттелуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстандық блогерлер салық төлеуге міндеттелуі мүмкін

27.06.2025

Өзбекстанда 10 мыңнан астам жазылушысы бар блогерлер салық төлеуі мүмкін. Бұл өзгеріс түрлі сайттар мен онлайн платформа иелеріне де қатысты болмақ. Яғни, олардың жұмысын заңды түрде реттеуге жол ашады.

Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды. Құжат қабылданса, жалған ақпараттың таралуына тосқауыл болады. Блогерлер мен сайт иелері жарияланған хабардың растығын міндетті түрде тексеруі керек. Олай етпеген жағдайда жұмысы алты айға дейін тоқтатылуы мүмкін. Ал коммерциялық қызметпен айналысатындар жарнама орналастырғаны үшін салық төлеуі тиіс. Әлеуметтік маңызы бар контентті жариялайтын адам байланысқа ашық болуы керек. Әйтпесе олардың қандай да бір өнімге жарнама жасауына тыйым салынады.

Абуали Ниязматов, қоғам белсендісі:

Егер коммерциялық мақсатта табыс тауып отырса, салық салғаны дұрыс. Алайда 10 мың немесе одан да көп жазылушысы бар, қоғам үшін маңызды мәселе көтеріп жүрген қаншама блогерді білемін. Жарнама орналастырмайды. Оларға бұл өзгерістің қатысы болмауы керек.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу