СІМ: Индонезияда есірткімен ұсталған 2 қазақстандыққа қатысты тергеу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СІМ: Индонезияда есірткімен ұсталған 2 қазақстандыққа қатысты тергеу жүріп жатыр

26.06.2025

Екі қазақстандықтың Индонезияда есіртікмен ұсталғаны ресми түрде расталды. Бұл туралы бүгін Сенат отырысына қатысқан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев айтты. Оның сөзінше, Индонезия тарапы қазір тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айта кету керек, бүгін Қазақстан мен Индонезия арасында заң бұзып, ұсталған азаматтарды алмасу туралы келісім жоқ. Десе де Сыртқы істер министрлігі ресми сауал жолдамақ. Содан кейін тұтқынға алынған қазақстандықтардың тағдыры шешілмек. Индонезия сотының қандай шешім шығаратынын күтеміз, - деді министрдің орынбасары. Алдыңғы хабарымызда Қазақстанның екі азаматы 49 грамм метамфетаминмен ұсталғанын хабарлаған едік.

Әлібек Бақаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Бұл мәселе азаматтардың өздеріне байланысты. Олар сыртта ұсталса, консул шақырылады. Консул керек деген хабар берсе, міндетті түрде Индонезиядағы консулымыз барып, сол азаматтармен сөйлеседі. Бүгінгі таңда байланыс болмады. Консулдық өкілдері оны күтпестен тергеу тарабымен байланысқа шықты. Бірақ қорғаушыны Индонезия тарабы берді. Бұл жерде Қазақстан азаматтары ғана емес, күдікке ілінген басқа елдердің азаматтары да бар.

СІМ: 960 азамат елге қайтарылды

Таяу шығыстағы қарулы қақтығысқа байланысты Катар мен Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін жапқан. Салдарынан 300-ге жуық транзиттік жолаушы Доха әуежайында қалып қойған. Қазір олар өз рейстерін күтіп отыр. Дипломаттың сөзінше, бұған дейін Таяу Шығыстан 960 азамат елге қайтарылған.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу