«Заң мен тәртіп» цифрлық сервисі іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Заң мен тәртіп» цифрлық сервисі іске қосылды

23.06.2025

Енді құқық бұзушылық туралы полицияға қоңырау шалмай-ақ, тікелей eGov Mobile қосымшасы арқылы хабарлауға болады. Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» атты жаңа цифрлық сервисті іске қосты. Сол арқылы хабарламаны жедел жолдауға болады. Өтініш беру қарапайым әрі түсінікті. Қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол апаты сияқты дабыл бірден полицияға түседі. Тәртіп сақшылары хабарлама түскен сәттен бастап әрекет етеді. Бұл функция кейбір банк қосымшаларына да интеграцияланған. Сервис тәулік бойы жұмыс істейді, өтініштер бүкіл ел аумағында қабылданады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу