Ескі көліктердің салығы арзандайды
Қазақстанда ескі көліктердің салығы арзандайды. Бүгін Сенат екі оқылымда қатар қараған жаңа салық кодексінде осындай норма бар. Зауыттан шыққанына 10 жылдан асқа автомобильдер үшін 30, ал 20 жылдан ескілері 50 пайыз жеңілдікпен салық төлейді. Қазіргі есеп бойынша бұл жеңілдік халықтың 30 млрд теңгесін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық Экономика министрі:
Қазіргі уақытта 4 млн-нан астам азаматтың қолында ескі көліктер бар. Ескі көлік деген қазір оны ұстау да оңай емес. Оған тағы да салық төлеу керек. Сол себепті ол Қазақстан азаматтарына арналған ол деген жеңілдік.
8 миллион қазақстандық декларация тапсырудан босатылады
Сенат салық кодексіне 131 түзету енгізіп, мәжіліске қайтарды. Мәселен, Қазақстан қор биржасынан түскен дивидендтерге жеке табыс салығы салынбайтын болды. Ал қымбат көлік, кеме мен ұшақ секілді сән-салтанат заттарына ішкі нарықта да салық салу қарастырылған. Бұдан бөлек, жалдамалы жұмыста істейтін 8 миллион қазақстандық жалпыға ортақ декларациялаудан босатылатын болды. Олардың табысы толықтай мемлекеттік базаларда көрсетіледі. Бұл азаматтар аса қымбат мүлікті қолма-қол ақшаға сатып алған жағдайда ғана табыстың келу жолын көрсетуі тиіс болады.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы Министрінің орынбасары:
Қазіргі таңда 87 пайыз қолма-қол ақша жоқ. Барлығы цифрлық форматқа ауыстырылған. Басқа да қарым-қатынастар цифрлық форматқа ауыстырылған. Біз 56 мемлекеттік орган, банк өкілдерімен интеграция жасап, қазіргі таңда деректерді онлайн түрде ала аламыз. Сондықтан менде мынадай пәтер бар, менде мынадай жалақы бар деп қарапайым жұмысшы декларация тапсырып керек емес.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22