Таяу Шығыстағы жаңа қақтығыс екінші аптаға ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таяу Шығыстағы жаңа қақтығыс екінші аптаға ұласты

20.06.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран-Израиль шайқасына араласу немесе араласпау туралы шешімді алдағы екі аптаның ішінде қабылдайды. Мұны журналистерге Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт хабарлады.

Ол Трамптың атынан оқыған мәлімдемеде Иранмен келіссөздерді қайта жандандыруға жақсы мүмкіндік бар екені айтылған. Айта кетсек, бұның алдында әлем ақпарат құралдарында Америка Иранның ядролық нысандарына соққы беру мәселесін қарастырып жатқаны туралы мәлімет көп тарады.

Бүгін таңертең Иран әуе күштері Израильге бірталай ракета жіберді. Солардың бірі Беэр-Шев қаласына түсіп, өрт шыққан. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, зардап шеккендер жоқ. Ал өткен тәулікте Иранның зымырандық шабуылдарынан Израильде 271 адам жараланып, бір адам аурухана зақымданды.

Израиль болса, Иранның солтүстік-батысындағы Решт қаласындағы өнеркәсіптік паркке соққы берген.

Арыстан Рысбек 

Хабарламаларға жазылу