Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ мүше елдердің палата спикерлерімен кездесті
Таяу Шығыста ұзақ жылға созылған қақтығыстың шешімі Палестина мемлекетін құру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесуі кезінде осылай деді. Яғни Қазақстан «қос халық үшін екі мемлекет» формуласын қолдайды. Қасым-Жомарт Тоқаев жиында Ауғанстандағы жағдайға айрықша тоқталды. Пікірінше, қазіргі кезеңдегі стратегиялық міндеттердің бірі – Ауғанстанды өңіраралық байланыстарға белсенді тарту. Осындай жағдай ушыққан шақта парламентаралық диалог мемлекетаралық байланыстарды нығайту ісінде маңызды рөл атқаратынын да атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бүгінгі кездесу халықаралық ахуал тым шиеленіскен жағдайда өтіп отыр. Әлемдегі қақтығыс қауіпті деңгейге жетті. Әсіресе, Таяу Шығыстағы ахуал қатты алаңдатады. Газа секторында күн сайын жүздеген адам қаза тауып, жарақат алып жатыр. Олардың арасында қарапайым азаматтар, әйелдер мен балалар бар. Барлық негізгі халықаралық ұйымдар Палестинадағы гуманитарлық ахуалды мүшкіл деп атады. Шын мәнінде, апатты жағдай шегіне жетуге таяп қалды.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
13.03.2026, 09:10
Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа бағыты
12.03.2026, 20:58
Жаңа Конституция жобасы кемел келешектің кепілі
12.03.2026, 20:57
Ислам Республикасының жаңа жоғарғы жетекшісі алғаш рет мәлімдеме жасады
12.03.2026, 20:54
LRT жолақысы 200 теңге болуы мүмкін
12.03.2026, 20:53
Референдумға қатысу үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалады
12.03.2026, 20:51
«Ерекше» фильмінің премьерасы өтті
12.03.2026, 20:49
AI-Sana бағдарламасы студенттерді қабылдауға дайын
12.03.2026, 20:47