Президент Б.Саттарханов атындағы спорт кешенімен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Б.Саттарханов атындағы спорт кешенімен танысты

19.06.2025

Мемлекет басшысы бүгін Астанадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді. Көпфункциялы ғимарат биыл пайдалануға берілген. Кешенде түрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар, сондай-ақ халыққа арналған сауықтыру және демалыс бағдарламалары ұйымдастырылады. Жеке инвестордың қаржысына салынған нысанның аумағында футзал, волейбол мен баскетбол алаңдары, бокс, дзюдо, қазақ күресі және басқа да спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жекпе-жек залдары бар. Президент бұқаралық спортты дамыту үшін осындай кешендерді көптеп салу қажет екенін айтты. Сондай-ақ жас боксшылармен және футболшылармен әңгімелесіп, олардың келешекте әлем, олимпиада чемпиондары болуына тілектестік білдірді.

- Біз жазғы демалыстағы уақытымызды тиімді өткізу үшін осы Бекзат Саттарханов атындағы бокс кешеніне келіп дайындаламыз.

- Бұл жерде дене шынықтыруды ғана емес, тәлім тәрбиеге де үйретеді.

- Біздің мақсатымыз Қазақ елін әлемге таныту. Біздің тренеріміз Ілияс ағай. Бекзат Саттархановтың жолын жалғап жүрсіздер. Бұл үлкен абырой, жауапкершілік. Сондықтан баршаңызға сәттілік тілеймін.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу