Автобус апатынан зардап шеккен Алуа Бекеннің жағдайынан соң балалар арасындағы мүгедектік қалай рәсімделеді, мемлекет тарапынан оларға қандай көмек беріледі деген сан сауал көптің көкейінде жүр. Студиямызға келіп, сұхбат берген Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Бекзат Әшімовтің сөзінше, емделмейтін анатомиялық кемістіктер кезінде мүгедектік 18 жасқа дейін мерзімсіз белгіленеді.
Ал 18-ге толған соң, қайта құжат тапсырылып, мүгедектік рәсімделеді де, мемлекет өмір бойына әлеуметтік көмек көрсетеді. Яғни, барлық саусақтың болмауы яки екі қолдың көп бөлігінің кесілуі, екі аяқтың үштен бір бөлігінен айырылуы, екі көздің де толық көрмеуі, ауыр жағдайдағы ақыл-ой кемістігі, жарыместік дәреженің анықталуы, өте айқын білінетін аяқ-қол парездері сынды диагноздар емделмейтін анатомиялық кемістіктерге жатады.
Ақниет Балтанова
