Базалық мөлшерлеме 16,5% деңгейінде сақталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Базалық мөлшерлеме 16,5% деңгейінде сақталады

05.06.2025

Базалық мөлшерлеме 16,5 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов баспасөз жиынында айтты. Шешім елдегі экономикалық жағдайды ескере отырып қабылданған. Мамыр айында инфляция 11,3%-ға жетті. Тұтынушылық несиелерге сұраныстың артуы да инфляцияға әсер етіп отыр. Сондай-ақ сыртқы жағдай тұрақсыз. Әлемде азық-түлік қымбаттап, мұнай бағасы арзандады.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

Жаңартылған бағалау деректеріне сүйенсек, биыл инфляция 12,5%-ға дейін көтеріледі. Ал 2026 жылы бұл көрсеткіш 9,5–11,5% аралығында болуы мүмкін. Болжамдар азық-түлік бағасының өсуі мен халықтың тауарлар мен қызметтерге сұранысының жоғары болуына байланысты қайта қаралды. 2027 жылға инфляция 5,5–7,5% дейін түседі деп жоспарланған. Ұлттық банктің қатаң ақша-несие саясаты біртіндеп жүзеге асып, Үкімет те шығындарын азайтқан жағдайда инфляция баяулап, мақсатты деңгейге жақындаймыз.

Ернұр Медет 

Хабарламаларға жазылу