Көпқабатты үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Дәл осы Ақтөбе қаласында кеше кешкісін көп қабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқиға орнына дереу жетіп, өртті сөндірді. Жалын 40 шаршы метр жерді шарпыған. Газ-ауа қоспасының жарылысы төртінші қабатта болған. Аралықтағы бетон блоктардың ішінара құлағаны анықталды. 73 адам эвакуацияланып, 11 адам жатақханаға орналастырылды. Басқалары туыстарының үйін паналаған. Әзірге жарылысқа нақты не себеп болғаны белгісіз. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүлінген пәтерлерді қалпына келтіруге бола ма, жоқ па, ол сараптамадан кейін белгілі болады.
Әсел Айбекова, тұрғын:
Бесінші этаждағы плита құлады төртінші этажға, төртінші этаждікі үшіншіге, менің квартирама құлап тұр жатын бөлмеге.
Евгений Овчарский Облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:
Әкімдік жанынан құрылған комиссия қанша пәтердің қирағанын анықтайды. Одан кейін жөндеуге бола ма, әлде үй апатты деп таныла ма, сол сұрақ көтеріледі. Әзірге бұл үйдегі үш подьездің жарығы уақытша өшірілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 6 спортшымыз келесі кезеңге өтті
11.09.2025, 10:21

Таза қала – бәрімізге ортақ жауапкершілік
11.09.2025, 10:20
Жолдау: Жасанды интеллект – жаһандық бәсекенің жаңа алаңы
11.09.2025, 10:18
Қандастар: Атажұрттағы әр жетістікке қуанамыз
11.09.2025, 10:14
Астанада «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 23 мектеп бой көтерді
11.09.2025, 10:13
«Ауыл» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
11.09.2025, 10:11
Цифрландыру – заман талабы
11.09.2025, 10:08
Францияда 200 мың адам қатысқан шеру өтті
11.09.2025, 10:08