Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі қандай?
Мемлекет тәуелсіздігінің, біртұтастығының және халық бірлігінің нышаны саналатын Мемлекеттік рәміздерді әр азамат құрметтеуі тиіс. Елімізде рәміздерімізді пайдаланудың өз тәртібі бар. Ережені елемегендер заң алдында жауап береді.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Мемлекеттік рәміздерге Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Қазақстанда рәміздерді пайдалануды реттейтін арнайы заң бар. Тәртіптің сақталуын мемлекеттік органдар қадағалайды. Енді Ту, Елтаңба және Әнұранды қолдану тәртібін қысқаша түсіндіріп өтейік.
Мәселен, көк Туымыз мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың ғимараттарында, ресми және мерекелерік шараларда, Президент резиденциясында, Парламент, Үкімет ғимаратында, сондай-ақ спорт жарыстарында көтеріледі. Айта кету керек, Ту таза әрі бүтін болуы керек. Көтерілгенде ол тік, ашық әрі айқын көрінуі тиіс. Байрақты тұрғындар да өз үйінде пайдалана алады. Бірақ оны киім ауыстыру бөлмесінен және дәлізден алысырақ жерге ілген жөн. Тағы бір ереже 5 қабатты ғимараттарда көлемі 1-ге 2 метрден үлкен Ту қолдануға рұқсат етілмейді.
Мемлекеттік Елтаңба тек Президент резиденциясы мен мемлекеттік мекемелерде ілінеді. Оның көлемі ғимараттың биіктігіне қарай ұлғая береді. Қолдану тәртібіне келсек, Елтаңба таза, бүлінбеген, сондай-ақ түсі өзгермеген болуы керек. Басқа жерлерге Елтаңбаны ілуге заңмен тыйым салынған.
Ал Мемлекеттік Әнұранды орындауға тыйым жоқ. Дегенмен оны орындаған кезде тік тұрып, азаматтар оң қолын жүрек тұсына қоюы тиіс. Еске саламыз, Әнұранды бұрмалауға, сөзін немесе әуенін өзгертуге қатаң тыйым салынады. Ережені елемегендер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 3000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайды. Бұл 11 796 000 теңгеге парапар.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22