Италия Қазақстанмен байланысты арттыруға барынша жағдай жасайды
Басқалардың батылы жетпеген бірегей жобаларды Қазақстан біртіндеп бағындырып жатыр. Сондықтан Италия екі ел арасындағы байланысты арттыруға барынша жағдай жасайды. Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Астана халықаралық форумында сөз осылай деді. Әлем елдері арасында Орталық Азияның беделі артып, маңызы күшейіп келеді. Бұл мүмкіндікті мүлт жібермей пайдаланып жатырсыздар. Бүгінгі форум да соның дәлелі. Жаһан жұрты да өңірдің жолайырық, екі континент арасындағы көпір екенін түсінді,-деді ол.
Джорджа Мелони, Италияның Премьер-министрі:
Орталық Азия – Еуропа мен Азия арасындағы байланыс бекеті. Ал геосаяси жағдай күн сайын өзгеріп жатыр. Әлем барған сайын мұндай тығыз байланысқа мұқтаж. Өңірмен энергетика саласындағы ынтымағымыз көлік-транзит, цифрландыру және басқа да салаларда дамитынына мен бек сенімдімін.
Астана халықаралық форумы – әлемді біріктіруге арналған алаң
Белгісіздік белең алған уақытта бірігу керек. Жыл сайын Астанада жаһандық деңгейдегі тұлғаларды жиып, халықаралық форум өткізудегі мақсат та осы. Энергетика, экономика, климаттың өзгеруі, халықаралық тасымал салалары бойынша әлемдік деңгейдегі мамандар бір алаңға жиналып, тың ұсыныстарын айтты. Жаһандық сауданың жаңа бағыттарының бірі ретінде жібек жолы қарастырылып отыр. Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің болашағы да зор. Келесі 10 жылдықта ІТ, жасанды интелектінің дәуірі асқақтайды. Әлем елдері арасында Қазақстан да оған үлкен үлес қосатынына сенімдіміз, - дейді мамандар.
Олаф Грот, UC Berkley университетінің практик-профессоры, Сambrian Future компаниясының басшысы:
Қазіргі таңда АҚШ пен Қытай жасанды интеллект саласында көш бастап тұр. Алайда әрбір мемлекет бұл технологияларды өз өндірісіне, құн тізбегіне, өнімдеріне енгізуге ұмтылуы қажет. Сонда ғана табиғи таза, сапалы өнімдерді тұтынушыға жеткізе аламыз. Қазақстан да бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге жетіп жатыр. Форумда біз осы мәселелерді талқыладық. Басқа да маңызды бағыттар қамтылды. Келер жылы Астана халықаралық форумына міндетті түрде келемін. Себебі бұл мүмкіндіктер алаңы екенін түсіндім.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22