Астанада ат спортынан халықаралық жарыс басталды
Астанада ат спортынан халықаралық жарыс басталды. «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде жылқымен кедергіден секіріп өту және сәйгүлікпен мәнерлеп жүруден турнир өтіп жатыр.
Әлем кубогына іріктеу кезеңіне Армения, Грузия, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 60-қа жуық спортшы жиналған. Дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 24 мың доллар. Байрақты бәсекені елордада өткізу еліміз үшін үлкен мәртебе. Соңғы рет мұндай ауқымды сайыс бас қалада оншақты жыл бұрын ұйымдастырылған. Жоғары деңгейдегі жарыс отандық спортшыларға шеберлігін арттырып, жаһандық бәсекеде бақ сынауға мүмкіндік береді.
Шыңғыс Маликаждар, конкурдан ұлттық құрама мүшесі:
Бұл жарыс біз үшін өте маңызды, себебі әлемдік деңгейге шығатын бірден-бір турнир. Бұл жарыс бізге әлем чемпионатына жолдама береді, сол үшін тек бір ғана спортшы қатысады және сол жақта жақсы нәтижеге қол жеткізсек, олимпиадаға шығатын жол ашылады.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 6 спортшымыз келесі кезеңге өтті
11.09.2025, 10:21

Таза қала – бәрімізге ортақ жауапкершілік
11.09.2025, 10:20
Жолдау: Жасанды интеллект – жаһандық бәсекенің жаңа алаңы
11.09.2025, 10:18
Қандастар: Атажұрттағы әр жетістікке қуанамыз
11.09.2025, 10:14
Астанада «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 23 мектеп бой көтерді
11.09.2025, 10:13
«Ауыл» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
11.09.2025, 10:11
Цифрландыру – заман талабы
11.09.2025, 10:08
Францияда 200 мың адам қатысқан шеру өтті
11.09.2025, 10:08