Азия чемпионаты: 22 боксшымыз алтын алды
Халықаралық бокс қауымдастығы аясында Шри-Ланкада өтіп жатқан Азия чемпионатында, бұрымды боксшыларымыз топ жарды. 12 бірдей спортшымыз алтын жүлде алып, тарихи жетістікке жетті. Мұндай нәтиже Ұлттық құрама тарихында болмаған. Ерлер арасында да боксшыларымыз сәтті өнер көрсетті. Олар 13 салмақ дәрежесінің 11-інде финалға шығып, 10 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Осылай 22 жасқа дейінгі боксшы қыз-жігіттер арасындағы құрлықтық дода өз мәресіне жетті. Боксшыларымызды беделді сайысқа Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев бастап барған еді.
Жангелді Ахметов, Бокстан 19 жасқа дейінгі қыздар арасында Қазақстан құрамасының аға бапкері:
Барлығы жақсы өнер көрсетіп шықты. 60 келідегі Қасымхан Толғанайға көңілім толмады. Әйтпегенде ол айқын басымдықпен ұтты. Алдағы уақытта Гонконг қаласында тамыздың 1-14 арасында Азия чемпионаты өтеді. Сол жарысқа дайындаламыз.
Телжан Күдеров
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22