Қазақстанда «PepsiCo» компаниясының зауыты салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда «PepsiCo» компаниясының зауыты салынады

21.05.2025

Премьер-Министр Олжас Бектенов PepsiCo компаниясының өңірдегі басшысы Давид Манзинимен Алматы облысында зауыт салу мәселесін талқылады. Зауыт Орталық Азиядағы ең ірі өндіріс ошағы болмақ. Инвестиция көлемі 160 млн долларға жетеді. Зауыт картоп өңдеудің өндірістік қуаты мен көлемін 70 мың тоннадан 210 мың тоннаға дейін өсірмек. Бұл жылына шамамен 70 мың тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді. Давид Манзинидің айтуынша, өнімнің бірінші партиясын шығару 2026 жылдың наурыз айына жоспарланған. Ал 2027 жылдан бастап толық қуатпен жұмыс істемек. Бұл 900 жаңа жұмыс орнының ашылуына сеп болады. Үкімет басшысы жоғары өңделген дайын өнім шығаруға бағытталған осы сынды жобаларды қолдауға дайын екенін және мемлекеттік органдар екі апта ішінде барлық қажетті шешімдерді қабылдайтынын жеткізді. 

Нұрсұлтан Тілектес



  

Хабарламаларға жазылу