Бүгінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде коронавирус белең алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде коронавирус белең алған

19.05.2025

Бүгінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде коронавирус белең алған. Мәселен, Гонконг және Сингапурда вирусты жұқтырғандар саны соңғы айларда былтырғымен салыстырғанда 11 есеге өскен. Ал біздегі жағдай тұрақты дейді еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі. Жыл басынан бері 329 адам ковид жұқтырған. Олардың арасында Омикрон штаммы да анықталды. Дегенмен, биыл бізде коронавирусқа шалдыққандардың саны былтырғымен салыстырғанда 4 есе аз. Бұған күн сайын қауіпті инфекцияның алдын алу шаралары да сеп болып отыр дейді мамандар. Бірақ барынша абай болуға шақырады.

Жасұлан Алпысбаев, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:

Африка елдеріне барған кезде, Азия құрлығының елдеріне барған кезде абай болуға шақырамыз. Әсіресе, масалардан жұғатын «Денге», «Малярия» дейтін түрлі безгектерді жұқтырмау үшін мұқият болу керек.

Одан бөлек «Маймыл шешегі», «Марбург» сынды инфекциялардан сақтану керек. Аталаған аурулар адам иммунитетін күрт төмендетіп, коронавирустың жұғу ықтималдығын арттырады дейді.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу