Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов 3 жылға сотталды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты оны Қылмыстық Кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп таныды. Яғни құзіретін асыра пайдаланды және мемлекетке ірі көлемде шығын келтірді деп айыпталды.
Айта кету керек, Қожағапанов өткен жылдың 1 наурызы ұсталып, содан бері қамауда отырды. Ол 2017-2019 жылдары мәдениет және спорт вице-министрі болды, 2019-2021 жылдары Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылы қайта мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалған еді.
Нұрсұлтан Тілектес
