Дональд Трамптың Таяу Шығысқа сапары аяқталды
АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығысқа 4 күндік турнесін аяқтады. Сапарының соңғы күні Ақ үй басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Бұл елмен құны 200 млрд доллар болатын келісімдерге қол қойған. Сонымен бірге тараптар Әбу-Дәбиде қуаты 5 гигиватқа есептелген жасанды интеллект кампусын салу туралы уағдаласты. Авиация, энергетика және басқа да салаларға инвестиция құю көзделген. Сапардың алғашқы күнінде Трамп Сауд Арабиясымен 600 млрд доллар көлемінде инвестициялық міндеттемелерге қол жеткізді. Ал Қатарда өткен келіссөз нәтижесінде «Боинг» компаниясы 160 ұшаққа тапсырыс алды. Бұл елмен АҚШ арасында 243 млрд доллардан асатын сомаға келісімдер жасалған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22