Алматыда кәсіпкерлерге арналған оқыту бағдарламасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кәсіпкерлерге арналған оқыту бағдарламасы ашылды

15.05.2025

Енді кәсіпкерлік, бизнестегі заманауи тренд ана тілімізде талқыланады. Осылайша қазақы іскерлік ортаны жүйелі түрде қалыптастырамыз дейді экономистер. Осы ретте Алматыда MBA магистрлік бағдарлама ашылды. Онда бизнестің есеп, аудит, қаржы, маркетинг сияқты салалары жан-жақты қамтылады. Менеджмент саласындағы академиялық дәрежені түрлі саланы игеріп, дөңгелетіп жүрген кәсіпкерлер оқып алуына мүмкіндік бар. Бір жылға лайықталған бағдарламада орта және ірі бизнес өкілдері кәсіпті жүйелеу, дағдарыс жағдайында тәуекелді басқару, ұжым құру дағдыларын үйренеді дейді сарапшылар.

Мақсат Халық, экономист:

Енді-енді 20-20 адамнан жиналып, саны 50-ге де жетпеген МВА тыңдаушылары ертең 500 болса, егер де біз тұтас Қазақстан бойынша эффективті ойлай алатын, нақты, заманауи, әлемдегі бизнес кейстерді шеше алатын, кәсіпкерлерді шыңдай алатын болсақ, онда сөзсіз Қазақстан экономикасының іскерлік белсенділігі артады, экономиканың өсімі қамтамасыз етіледі.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу