Ресей мұнайының бағасы құлдырады. Шетелге импортталатын қара алтынның құны бір апта бойы төмендеп, 15 пайызға бірақ арзандаған.
Индира Бегайдар, тілші:
Мұндай жағдай соңғы рет 2023 жылдың сәуірінде тіркелген дейді мамандар. «Urals» деп аталатын мұнай сортының құны барреліне 50 доллардан да аз. Ал бұл шетелге экспортталатын басты мұнай түрі. Сондықтан да қара алтыннан түсетін кіріс те төмендеді.
Виктор Дмитриев, сарапшы:
Бюджет қаржысына қатысты сұрақтар өте көп, жүйелілік жоқ. Банктер базалық мөлшерлемені көтергенімен, жағдай өзгермейді. Сондықтан тез арада жедел шаралар қабылдау қажет.
Санкция астында қалған Ресей экономикасы онсыз да рецессияны бастан кешуде. Қаржы министрі Антон Силуанов биыл бюджет тапшылығы жоспарлағаннан үш есе жоғары болатынын айтты. Үкімет жедел шаралар қабылдау үшін жақын күндері жиын өткізбек. Мұнай өнімдеріне акциз өскенін де айта кеткен жөн. Ресейдің мұнайын басты сатып алушы Қытай мен Үндістан осыған дейін күніне 3,5 млн баррель қара алтын тасымалдап отырған. Енді экспорт көлемі күрт төмендейді. Бұл әрине Ресей экономикасына кері әсерін тигізеді. Осыдан 2 жыл бұрын бір доллардың құны 60 рубльдың айналасында болса, алдағы екі айда АҚШ валютасы 125 рубльге дейін жетеді деп болжап отыр экономистер.
Индира Бегайдар
