Талдықорғанда автобус жүргізушісі 14 жастағы оқушыны қағып кетті
Талдықорғанда автобус жүргізушісі 14 жастағы мектеп оқушысын қағып, мерт қылды. Оқиға Абай көшесі мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында болған. Жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған, кәмелетке толмаған жасөспірімді автобус жүргізушісі қағып өткен. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Жанар Калыкова, Жетісу облысы ПД баспасөз хатшысы:
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші қамауға алынды. Құрметті жол қозғалысына қатысушылар, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Есіңізде болсын, жолдағы тәртіп, өзіңіздің айналаңыздағылардың денсаулығының кепілі.
Дамир Нұрмұхамед
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17