Оралда жасөспірімдер арасындағы қылмыс дерегі азаймай тұр
Оралда жасөспірімдер арасындағы қылмыс дерегі азаймай тұр. Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында прокурорлар мен полиция қызметкерлері оқушылар және студенттермен тұрақты кездесулер өткізіп келеді. Жоғары педагогикалық колледж жастарының қатысуымен өткен іс-шарада заң қағидалары, жастардың құқығы мен міндеттері түсіндірілді. Студенттер түрлі сұрақ қойып, тиісінше жауабын алды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауатын арттыруға сеп болмақ. Колледжде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 30-ға жуық студент ішкі есепте тұр. Оларды қолдау үшін «Саналы қадам» жобасы қолға алынған.
Жанболат Асқаров, студент:
Мұндай кездесулердің жастар арасында өтуінің маңызы зор. Өйткені қазіргі таңда жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтар көбейіп кетті. Біз болашақ педагог болғаннан кейін бұл тақырып бізге жақын. Ұстаздарына қарап оқушылар бой түзейді. Ал педагогтың этикасы заң және тәртіп тақырыбымен өте тығыз байланысты.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 6 спортшымыз келесі кезеңге өтті
11.09.2025, 10:21

Таза қала – бәрімізге ортақ жауапкершілік
11.09.2025, 10:20
Жолдау: Жасанды интеллект – жаһандық бәсекенің жаңа алаңы
11.09.2025, 10:18
Қандастар: Атажұрттағы әр жетістікке қуанамыз
11.09.2025, 10:14
Астанада «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 23 мектеп бой көтерді
11.09.2025, 10:13
«Ауыл» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
11.09.2025, 10:11
Цифрландыру – заман талабы
11.09.2025, 10:08
Францияда 200 мың адам қатысқан шеру өтті
11.09.2025, 10:08