Астана халықаралық форумында әлемді алаңдатқан бірқатар маңызды мәселелер қаралады. Сарапшылардың пікірінше, негізгі бағыттар ретінде экономика мен қаржы, климаттың өзгеруі және халықаралық қатынастар ерекше орын алады. Сондай-ақ, орта державалардың әлемдегі рөлі туралы да талқылаулар жүргізіледі. Форум екі күнге жалғасады және әлемдегі ең өзекті мәселелерді кеңінен қамтиды.
Ерділдә Таутенов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
«Біздің Астана халықаралық форумының басқа форумдардан ерекшелігі, артықшылығы – бұл жерде бүкіл әлемдегі болып жатқан мәселелерді қамтиды. Экономиканың тұрақтылығынан бастап, климаттың өзгеруіне дейінгі барлық мәселелер қозғалатын болады. Сонымен қатар, орта державалардың әлемдегі рөлі де басты тақырыптардың бірі болады. Егер басқа форумдарда тек арнайы бағыттар талқыланатын болса, біздің форумда көптеген мәселелер қаралатын болады».
