АҚШ пен Қытай тарифтерді азайтуға келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен Қытай тарифтерді азайтуға келісті

12.05.2025

АҚШ пен Қытай баж салығын 90 күнге азайтуға келісті. Екі ел өкілдері Женевада өткен келіссөздерде өзара тарифті 115 пайызға қысқартуға уағдаласқан. Демек, АҚШ қытайлық тауарларға тарифті 30 пайызға дейін, ал Қытай америкалық тауарларға баж салығын 10 пайызға дейін төмендетеді. Келісім мамырдың 14-нен бастап күшіне енеді. Вашингтон мен Бейжің арасындағы мәміле қор нарығына оң әсер етті. Мұнай қымбаттап, доллар бағамы нығая бастады. Бұған дейін екі ел арасындағы сауда соғысы қаржы нарықтарын құлдыратып, жаһандық рецессия қаупі туындаған еді. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу