Атырау облысындағы кәсіптік колледжердің базасы жаңартылады
Атырау облысында 9 колледждің техникалық базасы жаңартылады. Бұл бастама биылғы жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге аспақ. Мәселен Махамбет ауданындағы көпбейінді ауылшаруашылық колледжінде студенттер заманауи жабдықталған сыныптарда білім алуда. Тіпті практиканы да осы жерден өтеді. Осы арқылы олар кәсіпорындарда бірден тәжірибеден өтіп, кейін сол жерде жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Сонымен катар оқу орнында дуальды оқыту бағдарламасы жүзеге асуда. Студенттердің 60% тәжірибе, 40% білім беру ұйымында шыңдалып жатыр. Қазір мұнда 150-ге жуық студент білім алуда.
Әбілқайыр Сатыбалды, студент:
Бұл Ваз 21 автокөлігінің беріліс қорабы. Осыны шашып, кері құрап, ішіндегі детальдарын зерттеп жатырмыз. Ол болашақта права алғанда өз көлігімді өзім жөндеу үшін, өз нанымды өзім көруім үшін керек.
Шалқар Құспанғалиев, өндірістік оқыту шебері:
Кілт ұстап, мотор, коробкаларды шашып үйренеді. Техниканың былайша айтқанда дәмін татқызамыз. Жөндей алатындай маман шығуы керек қой. Сол үшін атсалысып жатырмыз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде
08.09.2025, 18:03

Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті
08.09.2025, 18:01
Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді
08.09.2025, 17:58
Атырау мұнай өңдеу зауытына 80 жыл
08.09.2025, 17:55
БҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасына 17 мыңдай адам қатысқан
08.09.2025, 17:49
Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін
08.09.2025, 17:42
Қытайда «Тапа» дауылы соқты
08.09.2025, 17:39
Израильде автобус аялдамасында атыс болды
08.09.2025, 17:37