Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыстады

Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыстады

Қорғаныс министрі әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыстады. 37 сарбаз «Ел қорғаны», 15 сарбаз «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ Қарулы күштерде ұзақ жыл қызмет еткен 2 мыңнан аса ардагер «Мінсіз қызметі үшін» медаліне ие болды. Марапаттау рәсімінен кейін Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концерт өтті.

Шерхан Балтабай, 31700 әскери бөлімі РММ тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары:

Бүгінде Жеңіске 80 жыл орай бас қолбасшысының жауынгерлік марапатымен марапатталудамыз. Бүкіл өсіп келе жатқан ұрпақ осы идеология – біртұтас ел, біртұтас жерде болашақ үшін еліміз үшін аянбай еңбек етуде.

Жанел Өтеулі

Бөлісу