Оралда қосалқы электр стансасында токқа түсіп, қайтыс болған баланың анасы прокуратураға шағымданды. Ол тергеудің әділ өтіп, кінәлі тұлғалар жазаланғанын қалайды. Айтуынша, ғимарат айналасы қоршалмаған, «Қауіпті, абайлаңыз» деген ескерту белгілері қойылмаған. Тормен қоршап қойса, ешкім қосалқы станцияға жақындамас еді дейді. Балалар да ескі футбол алаңында ойнап жүр. Жергілікті әкімдік пен депутаттар үш жыл бұрын жаңа алаң салып береміз деп уәде еткенімен, орындалмаған.
Тұрсынгүл Бисекенова, Орал қаласының тұрғыны:
Мынаның үстіне түскен допты алу үшін балалар мында тас лақтырады. Ананың үсті толған тас. Валера деген бала үш рет мініп, допты алып берген. Төртінші рет менің балам мініп, қаза болып тұр. Үлкен знактар болса, сетка болса, ешкім мінбейтін еді. Футбол алаңы 15 жылдан бері жоқ. Акиматтың екі ортасында жүр мына кісі. Олардың доптары ұшпас еді, 4 метрлік сеткасы бар алаң салса. Балалар түспес еді токқа, менің балам көз алдымда жүгіріп жүрер еді.
Қосалқы электр стансасы 1987 жылы қолданысқа берілген. Бұрын бір зауыттың теңгерімінде болған. Кейін электр таратушы компанияға берілген.
Асқар Ғайсин, Батыс Қазақстан аймақиық электр желілерін таратушы компанияның бас инженері:
Ішіндегі құрылғылар жұмыс жасап тұр. Қоршауға келер болсақ, таспен қаланғаннан кейін, есіктері құлыптаулы болғаннан кейін қолданыстағы заңға байланысты қоршаулы тиіс емес. Сот кінәлі деп танып, бізге жаза қолданып жатса, айыппұл төлесін десе, сонда төлеуге міндетті боламыз.
Ардақ Мұратқызы
