Ә.Молдағұлова туралы комикс бірнеше тілге аударылады
Ақтөбелік студент жасаған Әлия Молдағұлова туралы комикс бірнеше тілге аударылады. Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусында оқитын Көркемай Елеусіз бұл туындыны жасанды зерденің көмегімен батырдың туғанына жүз жыл толуына орай жасаған.
Жоба негізінен бастауыш сынып оқушыларына арналған. Онда Әлия Молдағұлованың өмір жолы мен ерлігі баяндалады. Автордың айтуынша, бұл комикс жәй ғана суретті кітапша емес, тәрбиелік мәні бар құрал. Сондықтан оқушылардың қызығушылығы ерекше. Көркемай болашақта жасанды зерде арқылы өзге де қазақ батырлары туралы сериялы комикстер әзірлемек. Ал оның алғашқы туындысын балалар ағылшынша және орысша да оқи алады. Сұраныс болса, өзге де тілдерге аударылады.
Көркемай Елеусіз, студент:
Бір мұғалім химия пәнінен сабақ береді. Ол оқушыларына осы аниме стилінде сабақ түсіндіреді екен. Мен де ойлаймын, осы аниме стилінде берілген комикстер оқушылардың назарын аударады және оларға қызық болады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде
08.09.2025, 18:03

Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті
08.09.2025, 18:01
Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді
08.09.2025, 17:58
Атырау мұнай өңдеу зауытына 80 жыл
08.09.2025, 17:55
БҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасына 17 мыңдай адам қатысқан
08.09.2025, 17:49
Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін
08.09.2025, 17:42
Қытайда «Тапа» дауылы соқты
08.09.2025, 17:39
Израильде автобус аялдамасында атыс болды
08.09.2025, 17:37