Алматыда Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілті табысталды
Алматыда Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына пәтер кілті табысталды. Спорттық гимнастикадан күміс жүлдегер Нариман Құрбанов екі бөлмелі пәтер кілтін алды. Ал бокстан қола жүлдегер, спортшы Назым Қызайбай мен Франция төрінде елімізге алғаш болып медаль сыйлаған мерген Ислам Сәтпаевқа бір бөлмелі баспана берілді. Ал қола медаль иегерлері, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев, пневматикалық мылтықтан ату спортшысы Александра Ле қазір халықаралық жарыстарда. Спорт саңлақтарына пәтер кілттері Алматыға оралған соң табысталады.
Назым Қызайбай, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері:
Қаншама жыл еңбектенеміз, сондай нәтижеге жеткенімізге осылай құрмет көрсетіп, сый-сияпат, мотивация береді деп ойлаймын. Тек қана спортшыларға емес, артымыздан еріп келе жатқан жас спортшыларға мотивация береді деп ойлаймын.
Нариман Құрбанов, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері:
Мен Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алған кезде «Нариман, саған сыйақыға пәтер беріледі» дегенде қатты қуандым. Әрине, пәтер - әрбір жас үшін, әрбір азамат үшін үлкен бақыт. Пәтерге толық жөндеу жұмыстарын жасап берді. Мен мұндайды күтпедім.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары қалай өтті?
07.09.2025, 20:38

Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
07.09.2025, 20:34
Мектеп асханасына қандай стандарт енгізілді?
07.09.2025, 20:19
Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды
07.09.2025, 20:13
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19