Атырау өңірінің тұрғындары бірлік мерекесін тойлады
Бірлік мерекесін атыраулықтар да дүркіретіп тойлап жатыр. Бір мезетте 400-дей адам бірлік марафонына қатысып, салауатты өмір салтын насихаттады. Бұдан бөлек тұрғындар түрлі этнос өкілдерінің концертін тамашалады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Атыраулықтар мерекені алдымен бірлік жүгірісінен бастады. Оған 400-дей тұрғын қатысты. Үлкені 60 жаста болса, ең кіші қатысушы 12 жаста. Мәре сызығын алғаш кесіп, жүзден жүйрік келгендерге арнайы медальдар табысталды.
Арман Челманов, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері:
Өзіміз де жүгіріп шықтық жастарға үлгі көрсету мақсатында. Жалпы мұндай шаралар көп өткізіп тұрса, жастар болсын, үлкендер болсын спортқа қызығушылықтары артады деп есептеймін.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Ал қазір біз Сұлтан Бейбарыс алаңында тұрмыз. Мұнда 18 этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен ауқымды концерт өтіп жатыр. Қазір менің жанымда Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі Магомед Ахмедов тұр. Мереке құтты болсын, жалпы бүгінгі күннің сіз үшін маңызы қандай?
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Сұхбатыңыз үшін рақмет. Қазақстан халықтарының тілі мен діні әртүрлі болғанымен, тілегі бір, мақсаты ортақ. Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан сан алуан этнос өкілдері бүгін мерейлі мерекеде жері гүлденген, елі түрленген еліміздің мәртебесін осылайша асқақтатты.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшыларымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы көрсетуде
08.09.2025, 18:03

Қарағанды облысында «Табиғатты қорғайық!» атты экологиялық квест өтті
08.09.2025, 18:01
Петропавлдағы Ұлттық Ұлан курсанттары ант берді
08.09.2025, 17:58
Атырау мұнай өңдеу зауытына 80 жыл
08.09.2025, 17:55
БҚО-да «Қарызсыз қоғам» жобасына 17 мыңдай адам қатысқан
08.09.2025, 17:49
Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін
08.09.2025, 17:42
Қытайда «Тапа» дауылы соқты
08.09.2025, 17:39
Израильде автобус аялдамасында атыс болды
08.09.2025, 17:37