Ұлттық ұлан сарбаздары 200 мыңнан астам қапшық дайындады
Ұлттық ұланның 800 курсанты СҚО-да 200 мыңнан астам қапшық дайындады. Олар 4 күннен бері төрт ауысымда тәулік бойы бөгеттерді нығайту және қорғаныс шекараларын салу жұмыстарына жұмылдырылды. Сондай-ақ 6637 әскери бөлімінің 400 әскери қызметшісі де қауіпті аймақта ауысыммен қызмет етіп жатыр. Салынған бөгеттің ұзындығы 2 шақырымнан асады. Күн сайын сол жерде еңбек етіп жүргеннің бірі - академия курсанты Тимур Қайырханов. Ол өзінің 23-ші туған күнін ерекше жағдайда атап өтті.
Тимур Қайырханов, ҰҰ академиясының курсанты:
Бізде тәтті бәліш пен шам болмаса да, халыққа қызмет етіп жатырмыз. Біз Ұлттық ұлан академиясының курсантттары, дамбы көтеріп, ұлғайтып жатырмыз.
Біржан Тоқтарбек, ҰҰ академиясының курсанты:
Біз күніне 3 мыңдай инертті қаппен қаптап, өзіміздің көмегімізді тигізіп жатырмыз. Қазір 2 ауысымда жұмыс атқарып, халыққа көмек көрсету үстіндеміз. Күшіміз біздің бірлікте.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22