Аққоян Рсалиевтің құрметіне марафон ұйымдастыру ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аққоян Рсалиевтің құрметіне марафон ұйымдастыру ұсынылды

26.04.2025

Республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарда нәтиже көрсетіп, ел намысын биіктеткен Аққоян Рсалиевтің құрметіне марафон ұйымдастыру керек. Үзеңгілестері осындай ұсыныс айтып отыр. Қария осыдан 1 апта бұрын Алматыда өткен марафонда қайтыс болған еді.

Аққоян Рсалиевпен бірге талай жарыста жүлдемен оралған марафоншы, Қызылорда облысының тұрғыны Тасболат Жансейітов қария бұқаралық спорттық жарыстарды ұйымдастырып, көпке үлгі бола білді, деп еске алады. Оның айтуынша, желаяқ әр марафонға тыңғылықты дайындалатын. Ақсақал үшін 10-15 шақырымды жүгіріп өту қиынға соқпайтын, дейді ауылдасы.

Тасболат Жансейітов, Қазалы ауданының тұрғыны:

Ол кісімен ауыл арасында бірге дайындалдық, бірге жүгірдік. Қазалыда марафон өткізіп тұрамыз. Сол кезде бұл кісі 10 км жүгірген. Жақсы жүгіріп келді. Бізде ұсыныс бар. Осы ағамызға арнап, марафон ұйымдастырсақ дейміз. Осы жылдық бағдарламаға енгізсек.

Аққоян Рсалиев 10 жылдан аса уақыт марафонға қатысқан. Жүгіруді айнымас серігіне айналдырған қария демі таусылар шақтағы соңғы сұхбатында да жастарға спортты насихаттап кетті.

Марафон маған ұнайды. Кішкентай кезімнен бастап спортпен айналыстым. Спорт адамға денсаулық береді. Жастарға үлгі көрсету.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу